Куәландырушы орталықтың қызметтерін ұсыну туралы
____________________ШАРТ
Алматы қ.
«__» ___________ 20__ жыл
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны бұдан әрі «Куәландырушы орталық» деп аталады ________ негізінде іс–әрекет жасайтын_______________ арқылы, бір жағынан және ___________________________ бұдан әрі «Агент» деп аталады ______________ негізінде іс-әрекет жасайтын __________ ____________, екінші жағынан, бұдан әрі бірге «Тараптар», ал жеке-дара «Тарап» деп аталып, төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады:
Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
Сәйкестендіру- жеке және /немесе заңды тұлғаның сәйкестігін тексеру процесі, ол тұлғаның нақты, айқын анықталған тұлға екендігін және екі кезеңнен тұратындығын көрсетеді:
1) тұлғаның нақты жеке басын куәландыратын тұлғамен сәйкестігін белгілеу;
2) өзін-өзі белгілі бір атпен атаған тұлға шын мәнінде аталған тұлға болып табылатынын белгілеу;
түпнұсқаландыру- тұлғаның өзі туралы мәлімдегенін тексеру процесі;
электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – ЭЦҚқұралдарымен жасалған және электрондық құжаттың жарамдылығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандық символдарының жиынтығы;
ЭЦҚ құралы-ЭЦҚ түпнұсқалылығын құру және тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;
электрондық құжат – ақпарат электрондық - цифрлық нысанда ұсынылған және ЭЦҚ арқылы куәландырылған құжат;
криптографиялық өзгерту- имитоүстемені шифрлау, жасау (тексеру) немесе ЭЦҚ қалыптастыру (тексеру) арқылы деректерді өзгерту;
криптографиялық өзгерту алгоритмі- айнымалы өлшемге (криптографиялық кілтке) тәуелді және криптографиялық өзгерту мәселесін шешу үшін операциялардың орындалу кезектілігін анықтайтын қарапайым және бірегей анықталған ережелердің соңғы санының жиынтығы;
криптографиялық кілт- берілген алгоритм үшін ықтимал өзгерістердің жиынтығынан бір түрлендіруді қамтамасыз ететін криптографиялық деректерді түрлендіру алгоритмінің кейбір параметрлерінің нақты жабық немесе ашық (егер арнайы көрсетілген) күйі
ЭЦҚ ЭЦҚ ашық кілті – кез-келген тұлға қол жеткізе алатын және электрондық құжатта ЭЦҚ дұрыс екендігін дәлелдеу үшін электрондық құжатта электронды сандық символдардың тізбектілігін ұсынатын криптографиялық кілттің түрлері;
тіркеу куәлігі – Куәландырушы орталық ЭЦҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат;
куәландыратын орталық – ЭЦҚ ашық кілтінің ЭЦҚ жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің жарамдылығын растайтын заңды тұлға;
тіркеу орталығы- куәландырушы орталықпен шарт негізінде әрекет ететін және өтініш берушіні сәйкестендіру, құжаттарды беру немесе тіркеу куәліктерін қайтарып алу үшін қабылдау және өтініш берушіге дайын тіркеу куәліктерін ұсынуға жауапты заңды тұлға;
тіркеу куәлігін шығару- қол қоюшы тұлғаға тіркеу куәлігін беретін куәландырушы орталықтың технологиялық барысы, қол қоюшы тұлғаның жүгінуін өңдеу барысында Куәландырушы орталықпен орныдалатын әрекеттермен шектелмей (мысалы, ЭЦҚ тексеру рәсімдері және Агенттің өкілеттігі), тіркеу куәлігін тікелей құру (қалыптастыру, дайындау), сондай-ақ, қол қоюшы тұғаны оның тіркеу куәліктерінің дайындығы туралы хабарлау механизмі (мысалы, қол қоюшы тұлғаға Куәландырушы орталықтың қоймасына тіркеу куәлігін жүктеу мүмкіндік беретін электрондық пошта хатын жіберу);
тіркеу куәлігін тіркеу – тіркеу куәлігін тіркеу куәліктерінің тіркеліміне енгізу;
тіркеу куәлігін кері қайтарып алу (күшін жою) – Қазақстан Республикасының электрондық құжат және ЭЦҚ туралы заңнамасына сәйкес, Куәландырушы орталықта тіркеу куәлігінің жарамсыз (күші жойылған) деп танылу процедурасы;
Клиент-Агенттің клиенті;
менеджер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Клиенттерге/олардың уәкілеті өкілдеріне тіркеу куәліктерін шығару үшін қажетті іс-әрекеттерді орындауға Куәландырушы орталықпен және уәкілетті Агентпен берілген, сәйкесінше қолданыстағы тіркеу куәлігіне ие Агент қызметкері;
офицер – Куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйесіне менеджерлердің мәліметтерін енгізу бойынша менеджерлердің тіркеу куәліктерін шығару/кері қайтарып алуға сауалдарды құру бойынша әрекеттерді орындайтын, Куәландырушы орталықпен, және Агенттің уәкілетті өкілімен берілген, сәйкесінше қолданыстағы тіркеу куәлігіне ие Агент қызметкері;
қол қоюшы тұлға – ЭЦҚ жабық кілтіне ие және оны электрондық құжатта пайдалануға құқылы Агенттің, Клиенттердің немесе Клиенттің уәкілетті өкілдерінің менеджерлер, офицерлері, басқа қызметкерлерінен жай немесе заңды тұлға.
кілтті жұптар мен бастапқы инициализациялау сертификаттары- жеке және мемлекеттік ЭЦҚ кілттерін дербес қалыптастыру үшін сәйкестендіру және түпнұсқаландыру рәсімдерін сәтті тапсырған, сондай-ақ тіркеу куәліктерін шығаруға өтінім берген, қол қоюшылар пайдаланатын қысқа мерзімге арналған криптографиялық кілттер мен сертификаттар;
кілтті ақпаратты тасығыш – жабық криптографиялық кілттерінің сақтау қоймасы (смарт-карта, дискета және басқа);
ПИН-конверт –тіркеу куәлігін алу кезінде қол қоюшы тұлғаның немесе оның уәкілетті өкілдерінің тұлғасын растау мақсатында Агенттің қол қоюшы тұлғаға немесе оның уәкілетті өкілдеріне берілетін және Куәландырушы орталықпен басып шығарылған ішкі жағында ПИН-коды бар қорғалған құжат (қағаз конверті);
жеделдету деректері- ЭЦҚ жабық және ашық кілттерін қалыптастыру және тіркеу куәлігін шығаруға сұратулар үшін қажетті негізгі жұптар мен бастапқы инициализациялау сертификаттары немесе ПИН-конверттері
тіркеу куәлігінің иесі – тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтпен тең құқылы иелік ете алатын, оның атына тіркеу куәлігі берілетін жай немесе заңды тұлға;
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
1.1. Куәландырушы орталық Агенттің ақпараттық жүйелеріне келесі қызметтерді ұсына отырып, ақпараттық қызмет көрсетеді:
1.1.1. Агенттің ақпараттық жүйелерінде қол қоюшы тұлғалармен пайдалану үшін тіркеу куәліктерін береді, тіркейді, кері қайтарып алады, сақтайды;
1.1.2. қолданыстағы және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің есебін жүзеге асырады, тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді;
1.1.3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Куәландырушы орталықпен тіркелген ашық криптографиялық кілттің тиесілілігі мен жарамдылығын растайды;
1.1.4.Агенттің өтініші (Шартқа 1 Қосымша) негізінде жабық кілттерді заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін шаралар қабылдай отырып, Агенттің менеджерлері және/немесе офицерлері үшін бастапқы инициализацияның кілттері мен тіркеу куәліктерін шығарады;
1.1.5. Агентке Интернет желісіндегі https://ca.kisc.kz мекен-жайы бойынша Куәландырушы орталықтың ақпараттық ресурсында Агентпен қалыптастырылған қол қоюшы тұлғалардың есеп жазбасына қатынауды қамтамасыз ететін жылдамдату мәліметтерін әрі қарай беру үшін ұсынады;
1.1.6. шығарылған тіркеу куәліктерін олардың қолданылу мерзімінде мәртебені (қызмет көрсететін) өзгертеді;
1.1.7. қол қоюшы тұлғалар мен Агентке тіркеу куәліктерінің ағымдағы мәртебесі туралы ақпарат береді.
1.2. Агент жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу мақсатында Шарттың әрекет ету кезеңінде тіркеу орталығының қызметін атқарады, оның ішінде:
1.2.1. Агенттің ақпараттық жүйелерінде пайдалану үшін негізделген тіркеу куәліктерін беруге және/немесе кері қайтарып алуға өтініштерін (бұдан әрі-Клиенттердің өтініші) қабылдайды, өңдейді және сақтайды;
1.2.2.қол қоюшы тұлғаларды сәйкестендіреді және түпнұсқаландырады;
1.2.3.Куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйесінде қол қоюшы тұлғалар туралы мәліметті тіркейді және арттырады;
1.2.4. Агентке қол қоюшы тұлғамен тіркеу куәлігін алу үшін Шарттың 4.2. тармағында көзделген әрекеттерін орындауды тапсырады.
1.3. Куәландырушы орталық және Агент Шартты жүзеге асыру аясында өзара әрекет ету кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тіркеу куәліктерін қолдану саясатының және Тіркеу куәліктерін қолдану ережесінің (тиісінше бұдан әрі-Саясат және Ереже) талаптарын орындайды, тиісінше http://www.kisc.kz/ca/doc/PolicyKISC.pdf и http://www.kisc.kz/ca/doc/StatementKISC.pdf мекен-жайы бойынша Интернет желідегі Куәландырушы орталықтың ақпараттық ресурсында жарияланды және жаңартылады. Шартқа қол қоя отырып, Агент Саясатпен және ережемен таныстырылғанын растайды.
1.4.Шарттағы Агент пен Куәландырушы орталықтың Шартта, Саясатта және Ережеде берілген талапқа, сондай-ақ, оларда тікелей көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шарттың мәнінен туындайтын міндеттемелері орындалады.
1.5.Куәландырушы орталық Шарттың әрекет ету мерзімінде Агентке және Клиентке Куәландырушы орталықтың Интернет желідегі https://ca.kisc.kz/webra/res-open/devinfo.htm мекен жайы бойынша жарияланған Куәландырушы орталықтың қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуімен өзара әрекет ету үшін пайдалану құқығын береді;
1.6. Куәландырушы орталық және Агент өзара әрекет ету кезінде Астана қаласының уақыт белдеуін ескере отырып, осы Шарт бойынша қызмет көрсетеді.
2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
2.1.Куәландырушы орталық құқылы:
2.1.1. Куәландырушы орталықта Шарт, Саясат немесе Ережелер талаптары бұзылған жағдайда тіркеу куәлігін беруден бас тартуға;
2.1.2. Мынадай жағдайларда Шарттың аясында шығарылған тіркеу куәлігін кері қайтаруды уақытша тоқтатуға:
1) заңды күшіне енген сот шешімі және/немесе электрондық құжат және ЭЦҚ мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен кері қайтарып алған кезде тура көзделген басқа жағдайда;
2) Агенттің Куәландырушы орталыққа Шартқа 4 Қосымшаның нысаны бойынша өтінішті Агенттің қолы мен мөрі қойылып немесе Агент менеджері немесе офицерінің ЭЦҚ Куәландырушы орталық ақпараттық жүйесінің электрондық құжат нысанында берген кезде;
3) Куәландырушы орталық ақпараттық жүйелерінің электрондық құжат нысанындағы өтініш бойынша қол қоюшы тұлғаның ЭЦҚ атына шығарылған кері қайтарып алынатын тіркеу куәлігі;
4) Агент қызметі тоқтатылған кезде және/немесе Саясат және/немесе Ережемен кері қайтарып алынған кезде тура көзделген басқа жағдайда.
2.1.3.егер тіркеу куәлігінің белгіленген мерзімі өтсе, тіркеу куәлігін кері қайтарып алудан бас тартуға;
2.1.4. Куәландырушы орталықтың желілік сервисіне Агенттің және/немесе Клиенттің белгілі IP мекенжайы үшін қатынауды шектеуге немесе уақытша бұғаттауға, сервиспен жіберілетін қосылулардың саны артқан жағдайда, оларды құру жиілігі, сондай-ақ, желілік шабуылдың сигнатурасы анықталған жағдайда;
2.1.5. Тіркеу орталығы ретінде Агент қызметіне тексеру жүргізуге, сонымен қатар, қол қоюшы тұлғалардың өтініштерін тіркеу, өңдеу және сақтау, қол қоюшы тұлғалардың теңдестіру және сәйкестендіру рәсімдерін тексеруге. Куәландырушы орталық тарапынан тексеру мерзімі мен кезеңін Тараптар алдын-ала келісім бойынша анықтайды.
2.2.Агент құқылы:
2.2.1.Куәландырушы орталықтан алуға және Шарт талаптарын сәйкес берілген қол қоюшы тұлғалардың тіркеу куәліктерін алуға;
2.2.2.Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерінің тізілімінде алуға және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктері тізімінің түрінде Шарт талаптарына сәйкес берілген қол қоюшы тұлғалардың тіркеу куәліктері мәртебесі туралы ақпаратты өз ақпараттық жүйеде пайдалануға;
2.2.3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген ашық криптографиялық кілттердің тиесілілігі мен жарамдылығын растайтын өтініштермен Куәландырушы орталыққа жүгінуге;
2.2.4. Куәландырушы орталығынан шығарылған тіркеу куәліктерінде ЭЦҚ тексеру үшін Куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін өз ақпараттық жүйеде алуға және қолдануға;
2.2.5. Егер Агент, Куәландырушы орталықтың Агентке берген тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық криптографиялық кілтіне кіру режимі бұзылған деп санаса немесе (жоғалту, ұрлату, рұқсатсыз кіру және т.б.) ықпал ететін әрекеттер болса, Агентке немесе оларға тағайындалған қол қоюшы тұлғаға берілген тіркеу куәлігін кері қайтарып алуға электронды сұратуды дербес жіберуге немесе Куәландырушы орталықтан тіркеу куәлігін кері қайтарып алуды талап етуге. Сондай-ақ, тіркеу куәлігін кері қайтарып алу үшін электронды сұратуды жіберу үшін Куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйесінің https://ca.kisc.kz интернет-ресурсын пайдалануына болады;
2.2.6. Шартқа 2 Қосымшада көрсетілген тіркеу куәлігінің ерекшелігімен ұсынылған өзге де сұратулар мен әрекеттерді жүзеге асыруға;
2.2.7. Куәландырушы орталықтың қосымша сервистерін пайдалануға: (OCSP) тіркеу куәлігінің мәртебесін тексерудің онлайн хаттамасы және (TSP) уақытты белгілеу хаттамасы бойынша;
2.2.8. Астана қ. уақытымен, жұмыс күндері сағат 08.40-тан 17.40-қа дейін, Куәландырушы орталықтың қызметкерлерінен Куәландырушы орталықтың жұмысына байланысты сұрақтар бойынша кеңес алуға;
2.2.9.осы Шарт бойынша Куәландырушы орталықтан міндеттемелердің тиісті және толық орындалуын талап етуге;
2.2.10. Куәландырушы орталық Агенттің қызметін Тіркеу орталығы ретінде тексерген кезде, сонымен қатар, қол қоятын тұлғаларды теңдестіру және сәйкестендіру рәсімін тексеруде, қол қоюшы тұлғалардың өтініштерін тіркеген, өңдеген және сақтағанда Агент үшін оңтайлы тексеру мерзімін ұсынуға.
2.3. Куәландырушы орталық міндетті:
2.3.1. Шартқа 1 Қосымшаның нысаны бойынша Агенттен тіркеу куәлігін беру өтінішіне сәйкес, криптографиялық кілтті құруға;
2.3.2.Агенттің сұратуының негізінде қол қоюшы тұлғаға криптографиялық кілттерді дербес қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеделдету мәліметтерін құруға және Шартқа 3 Қосымшада белгіленген нысанда қабылдау-тапсыру актісі бойынша Агентке ПИН-конверттерді беруге;
2.3.3.тиісті өтінішті қағаз тасымалында немесе электрондық құжатты алған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қоятын тұлғаға келесі мәліметтері бар тіркеу куәліктерін электрондық құжат нысанында шығаруға:
1) тіркеу куәлігінің сериялық нөмірі және оны қолдану мерзімі;
2) Агентті тіркеу куәлігінің соның ішінде оның сәйкестендіру нөмірінің иесі ретінде сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер;
3) ашық криптографиялық кілті;
4) тиісті жабық кілтін жасауға пайдаланылатын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары туралы мәліметтер және криптографиялық алгоритмнің стандартын белгілеу;
5) тіркеу куәліктерін қолдану және қолдануды шектеу аялары туралы ақпараттар;
6) Куәландырушы орталықтың деректемелері және куәландырушы орталықтың қол қоюы үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңбаның алгоритм стандартын белгілеу;
7) қол қоюшы тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер
8) куәландырушы орталықтың ЭЦҚ;
2.3.4.өзі жасап жатқан тіркеу куәліктерінің сериялық нөмірлерінің бірегейлігін және шығарылған тіркеу куәліктеріндегі ашық кілттердің мәнінің бірегейлігін қамтамасыз етуге;
2.3.5.оларға беруге қатысты тіркеу куәліктерін қамтамасыз етуге:
Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келуі, соның ішінде тіркеу куәліктерін шығару кезінде тіркеу куәлігінде міндетті мәліметтердің болуы;
Куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйесіне қол қоюшы тұлға туралы ақпаратты енгізу кезінде Агентпен көрсетілген тіркеу куәліктерінің тиесілі екенін растауға;
2.3.6.тіркеу куәліктерінің тізілімін жүргізуге және онда берілген күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде барлық берілген тіркеу куәліктерінің көшірмесін сақтауға;
2.3.7.Куәландырушы орталықтың сақтау орнында жарияланатын тіркеу куәлігінің тіркеуіндегі барлық жасалынған тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді енгізуге;
2.3.8. Интернет желісінде Агенттің мәліметтерді оқу үшін және олармен қол қойылған тұлғамен белгіленген Куәландырушы орталықтың сақтау орнына қол жетімділікті қамтамасыз етуге;
2.3.9.келесі барлық қажетті шараларды қабылдауға: резервтік көшіруге, сақтауға берілген тіркеу куәлігінің жоғалуының, модификациялануының, қолдан жасалуының және оқшаулауының алдын алу үшін заңсыз кіру кіруге жол бермейтін техникалық құралдарды және ЭЦҚ пайдалануға;
2.3.10. Агенттің менеджері немесе офицерінің тіркеу куәліктерін Агенттен (Шартқа 4 Қосымшаның нысаны бойынша қағазда немесе электронды құжат нысанында) кері қайтарып алуға өтініш түскен кезде, егер олармен жабық криптографиялық кілтке қатынау режимінің бұзылуы немесе осыған мүмкіндік беретін әрекеттер (жоғалту, ұрлату, заңсыз кіру және т.б.) жобаланса кері қайтарып алуға;
2.3.11. қол қоюшы тұлғаның тіркеу куәліктерін Агенттен немесе тіркеу куәлігінде көрсетілген қол қоюшы тұлғадан электронды құжат нысанында кері қайтарып алуға өтініш келіп түскен кезде, егер олармен жабық криптографиялық кілтке қатынау режимінің бұзылуы немесе осыған мүмкіндік беретін әрекеттер (жоғалту, ұрлату, заңсыз кіру және т.б.) жобаланса кері қайтарып алуға;
2.3.12. тіркеу куәлігін кері қайтарып алған (күшін жойған) жағдайда тіркеу куәлігін кері қайтарып алған сәттен бір сағаттан кешіктірмей Куәландырушы орталықта тіркелген қол қоюшы тұлғаның электрондық пошта мекенжайына ескертуді жіберуге және Куәландырушы орталықтың http://ca.kisc.kz/cgi/RevListGOST.crl) және http://ca.kisc.kz/cgi/RevList.crl мекен–жайы бойынша Интернет желіде орналасқан кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізіміне өзгертулер жасауға;
2.3.13. электрондық құжат айналым жүйесінің кез келген қатысушысы жүгінген кезде Куәландырушы орталықпен тіркелген мәліметтерді және Агентке онымен берілген ашық электрондық цифрлық қолтаңба кілттерінің тіркеу куәліктерін тиістітігі мен ақиқаттығын растауға;
2.3.14. Астана қ. уақытымен, жұмыс күндері сағат 08.40-тан 17.40-қа дейін, Агенттің қызметкерлеріне Куәландырушы орталықтың жұмысына байланысты сұрақтар бойынша кеңес беруге;
2.3.15. Шарттың мерзімі ішінде осы Шарт бойынша, профилактикалық жұмыстар уақытын санамағанда, тәулік бойы қызмет көрсетуге;
2.3.16. жалпы ұзақтығы жылына 7 (жеті) тәуліктен аспайтын профилактикалық жұмыстарды тек жексенбі күндері (демалыс күндері) немесе түнгі уақытта істеуге;
2.3.17. алдын ала 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей Агентті Куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етудің жоспарланған профилактикалық жұмыстары мен жаңартулары туралы хабарлауға;
2.3.18. Куәландырушы орталықтың https://ca.kisc.kz/webra/res-open/devinfo.htm мекенжайы бойынша Интернет желідегі ақпараттық ресурсындағы бағдарламалық қамтамасыз етуге қатынауды қамтамасыз етуге, электрондық цифрлық қолтаңбаны, сондай-ақ, жабық және ашық криптографиялық кілтті қалыптастыруға мүмкіндік беретін олар бойынша құжаттаманы қоса алғанда (орнату, қондыру және пайдалану бойынша), және Куәландырушы орталыққа тіркеу куәлігін шығаруға/кері қайтарып алуға электронды сұратуды беруге;
2.3.19. Куәландырушы орталықтың Агентті Тіркеу орталығы ретінде тексеру кезінде сонымен қатар, қол қоюшы тұлғалардың сәйкестендіру және тұпнұсқаландыру рәсімін тексергенде, қол қоюшы тұлғалардың өтініштерін тіркегенде, өңдегенде және сақтағанда, Тіркеу орталығы ретінде Агенттің күндегі бизнес-жоспарларының барысына аз әсерін қамтамасыз етуге;
2.3.20.Саясат және Ережеде көзделген өтініш пен кепілді сақтауға.
2.4. Агент:
2.4.1. Саясат және Ереже талаптарын орындауға;
2.4.2.тиісті қызметтерді алу үшін Шартқа 1 Қосымшаның нысаны бойынша Куәландырушы орталыққа өтініш беруге;
2.4.3. бастапқы инициализация кілтін және тіркеу куәліктерін ала отырып, оларды криптографиялық кілттерге және тіркеу куәліктеріне ауыстыруға. Кілттерді және тіркеу куәліктерін ауыстыру Куәландырушы орталыққа электронды түрде сұрату беру арқылы жүзеге асырылады. Сұрату бастапқы инициализацияның қолданыстағы кілтінде ЭЦҚ куәландырады;
2.4.4. Куәландырушы орталыққа берілген Шарттың 1 Қосымшасының нысаны бойынша өтініштерге жасалған өзгертулер туралы, өзгерту болған сәттен 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Куәландырушы орталыққа хабарлауға;
2.4.5. жабық криптографиялық кілтін құпия сақтауға, оның жоғалуының, белгілі болуының, өзгеруінің және заңсыз пайдалануының алдын алу үшін барлық мүмкін шараларды қолдануға;
2.4.6. электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру үшін Агенттің тіркеу куәлігінде көрсетілген электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтіне сәйкес келетін электрондық цифрлық қолтаңбаның тек қолданыстағы жабық кілтін Агенттің менеджері және/немесе офицерінің тіркелген тіркеу куәлігінің және/немесе тіркеу куәлігін және кілттерді дайындау өтінішінде белгіленген қолдану аясында қолдануға;
2.4.7.Агенттен жабық криптографиялық кілтінің жоғалуының, белгілі болуының, өзгеруінің және заңсыз пайдалануының немесе осындай кілтті басқа тұлға заңсыз пайдаланған жағдайда оны қағаз тасымалында (Шартқа 4 Қосымша) немесе электрондық құжат нысанында тіркеу куәлігін кері қайтарып алуға өтінішпен Куәландырушы орталыққа тез арада жүгінуге;
2.4.8. жабық криптографиялық кілтті жоғалту, ашу, бұрмалау немесе басқа тұлғалардың рұқсатсыз пайдалану туралы ақпаратты алған жағдайда, электрондық құжат нысанында қол қойған тұлғаның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы өтінішпен тезе арада Куәландырушы орталығына хабарласуға;
2.4.9.қолданылу мерзімі аяқталатын тіркеу куәліктерін ауыстыру үшін жаңа тіркеу куәліктерін шығарған жағдайда, электрондық құжат нысанында сұрату арқылы тіркеу куәліктерінің әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті сұратуды жіберуге;
2.4.10. Агенттің ақпараттық жүйесінде жабық криптографиялық иелену және пайдалану құқығы қол қоюшы тұлғаға берілген жағдайда, қол қоюшы тұлғаға Саясат және Ереже талаптарын орындау бойынша жазбаша міндеттемелерді алуға;
2.4.11. тіркеу куәліктерін беруге (шығаруға) немесе кері қайтарып алуға өтінішті қол қоюшы тұлғадан қабылдауға және сақтауға;
2.4.12.заңды тұлғаларға құрылтайлық құжатпен/жеке тұлғаларға жеке куәлікпен, қолтаңба қоятын тұлғалардың құжаттарының түпнұсқасымен сәйкестендіру жүргізуге;
2.4.13. Куәландырушы орталықпен ұсынылған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, Куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйесіне қол қоюшы тұлғалар туралы қажетті деректерді енгізуге;
2.4.14.Куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйесіне Агентпен енгізілген деректемелердің, қол қоюшы тұлғалардың тіркеу құжаттарындағы деректемелерге сәйкес келуіне кепілдік беруге;
2.4.15. қол қоюшы тұлғаға беруге:
1) Агенттің Куәландырушы орталықтың Интернет желідегі https://ca.kisc.kz мекен-жай бойынша ақпараттық жүйесінде қол қоюшы тұлғаның дербес есеп жазбасын құрған кезде тағайындалған және қол қоюшы тұлғаның өзінің есеп жазбасына қатынауды қамтамасыз ететін деректерді жеделдету,
2) Куәландырушы орталықтың электрондық құжат нысанындағы тіркеу куәліктері;
2.4.16.қол қоюшы тұлғалардың ПИН-конверттерді жеделдету мәліметтері ретінде пайдаланған кезде, оларды Куәландырушы орталықта уақытылы және ең аз қажетті мөлшерде ресми хатпен сұратуға;
2.4.17. Куәландырушы орталықпен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланып ұсынылған қол қоюшы тұлғаның тіркеу куәлігін кері қайтарып алуына (күшін жою) сұратуын сәтті дәлелдеген жағдайда, Куәландырушы орталыққа қол қоюшымен көрсетілген тіркеу куәлігін кері қайтарып алуына (күшін жою) электрондық сұрату қалыптастыруға және жолдауға;
2.4.18. Куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйесіне енгізілетін қол қоюшы тұлғалардың барлық тіркеу мәліметтерін өзекті күйінде тұрақты сүйемелдеуге;
2.4.19.қол қоюшы тұлғаға және олардың уәкілетті өкілдеріне Куәландырушы орталық жұмысының мәселелері бойынша қолдаудың бірінші желісінде мынадай сұрақтарды қоса алғанда кеңес беруге:
1) пайдаланушы үшін басқару аясында Куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етудің клиент бөлігіндегі жұмыстар және Куәландырушы орталықпен ұсынылатын басқа да нұсқаулықтар,
2) Шарттың, Саясат пен Ережелердің ережелері;
қол қоюшы тұлғалардың және олардың уәкілетті өкілдерінің Куәландырушы орталыққа тікелей хабарласу қажеттілігін болдырмайды, бірақ Шарттың 2.2.8 тармақшасына сәйкес Куәландырушы орталыққа шешілмеген мәселелерді көтеру құқығын сақтайды;
2.4.20.осы Шарт талаптарына сәйкес Куәландырушы орталықтың Қызметтерін уақтылы және толық көлемде төлеуге;
2.4.21. Куәландырушы орталықтан Шарт бойынша шот-фактура және орындалған жұмыстардың актісін келесі есеп айының 10 күнінен кешіктірмей дербес алуға;
2.4.22. кем дегенде екі жылда бір рет Куәландырушы орталыққа Тіркеу орталығы ретінде Агент қызметіне тексеру жүргізу, сонымен қатар, қол қоюшы тұлғалардың сәйкестендіру және түпнұсқаландыру рәсімін орындау, қол қоюшы тұлғалардың өтініштерін тіркеу, өңдеу және сақталуын тексеру мүмкіндігін ұсынады. Куәландырушы орталық тарапынан тексеру мерзімі мен кезеңі алдын-ала келісім бойынша анықталады;
2.4.23. тексеру нәтижесі бойынша Тіркеу орталығы ретінде қызметті жетілдіретін Куәландырушы орталық ұсынысын орындауға;
2.4.24.резервтік сақтау мақсаттарынан басқа жағдайларда бағдарламалық қамтамасыз етуді қайта жаңғыртпауға және көшірмелемеуге (оның ішінде Агенттің қызметкерлерінің жеке мақсаттарында), сонымен бірге ұсынылған қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді қайта жаңғыртпауға, сонымен бірге ұсынылған бағдарламалық қамтамасыз етуді Шарт бойынша өзінің міндеттері мен құқықтарын орындау мақсатында ғана сақтауға және пайдалануға;
2.4.25. Куәландырушы орталықпен ұсынылған бағдарламалық қамтамасыз етуді қайта жобалауды, декомпиляциялауды, дизассемблирлеуді жүзеге асырмауға;
2.4.26. Куәландырушы орталықтан алынған бағдарламалық қамтамасыз етуге және оның пайдаланушыларының құжаттарына өзгерістерді енгізбеуге, сәйкес келмейтін аппараттық құралдар мен платформаларға түрлендірмеуге;
2.4.27. Куәландырушы орталықтан алынған бағдарламалалық қамтамасыз етуді сатпауға (сату, жалға беру, қатынау мүмкіндігін беру жолымен қайтарымсыз пайдалану және т.б.), және Шартқа сәйкес келмейтін және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарама-қайшы келетін мақсатта оны үшінші тұлғаларға бермеуге.
3. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ
3.1.Агенттің менеджер және/немесе офицердің тіркеу куәлігін алу үшін:
3.1.1.Агент:
Шартқа 1 Қосымшаның нысаны бойынша Агенттен тіркеу куәліктерін беруге өтінішті дайындайды және өтініш түпнұсқасының, сондай-ақ кілтті ақпаратты тасығышты Куәландырушы орталыққа берілуін жүзеге асырады.
Агенттен Шартқа 1 Қосымшаның нысаны бойынша тіркеу куәліктерін беру өтініші бар мәліметтер Агентің уәкілетті өкілінің жеке бас куәлігі, сондай-ақ, заңды мемлекеттік тіркеу туралы тұлғаны тіркеу туралы куәлік, ҚҚС төлеушісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (резидент еместер үшін) ұсынылған құжаттармен расталады;
3.1.2. Куәландырушы орталық:
Шарттың 4.1.1. тармақшасында көрсетілген құжаттарды алған мезеттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ағымында жүзеге асырады:
1) Шартқа 1 Қосымшаның нысаны бойынша Агенттен тіркеу куәліктерін беруге өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкес, Куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау үшін Агенттің менеджері немесе офицерінің есептік жазбасын тіркеуге;
2) Егер ұсынылған тасымалдаушы алынбайтын жабық кілтпен қорғалған болып табылса, Агенттің кілтті ақпаратын тасымалдауышқа, кілтті жұптың және бастапқы инициализацияның сертификатын немесе ЭЦҚ кілттерін және Агенттің менеджері немесе офицерінің тиісті тіркеу куәліктерін құруға. Тасымалдауышқа сондай-ақ, Куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігі электрондық құжат нысанында жазылады;
3) Агентке беруге:
кілтті ақпаратты жоғарыда көрсетілген мәліметтермен;
электрондық құжат нысанында менеджер немесе офицердің тіркеу куәліктерін.
Агенттің уәкілетті өкілімен Куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігін алу және басқа жоғарыда көрсетілген материалдар Шартқа 1 Қосымшаның нысаны бойынша Агенттен тіркеу куәліктерін беруге өтінішке белгі соғылып, Агенттің уәкілетті өкілінің өз қолымен расталуы тиіс.
3.2. Қол қоюшы тұлғамен тіркеу куәліктерін алу үшін:
3.2.1.Агент немесе
қол қоюшы тұлғаға Куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйеге деректемелерді енгізу кезінде тағайындалған ПИН-конвертті, және криптографиялық кілттерді кейін дербес қалыптастыру және қол қоюшы тұлғамен Куәландырушы орталықта тиісті тіркеу куәліктерін тіркеу үшін қажетті электрондық құжаттар түріндегі Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін береді,
3.2.2.немесе келесі тізбектілік іс-әрекетті орындайды:
1) егер соңғысы жабық кілтпен алынбайтын қорғалған кілтті ақпарат тасығышта құрылса, қол қоюшы тұлға үшін бастапқы инициализацияның кілтті жұбын немесе криптографиялық кілттерді қалыптастырады;
2) Куәландырушы орталыққа қажетті электронды сұратуды қалыптастырады, береді және бастапқы инициализацияның тіркеу куәлігін немесе қол қоюшы тұлғаның ашық криптографиялық кілттердің тіркеу куәлігін алады;
3) қол қоюшы тұлғаға табыстайды:
бастапқы инициализацияның тіркеу куәлігі немесе электрондық құжаттар нысанындағы Куәландырушы орталықтан алынған қол қоюшы тұлғаның тіркеу куәліктерін;
электрондық құжаттар нысанындағы Куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігін;
егер жабық кілт тасымалдағыштан алынбаса бастапқы инициализацияның кілтті жұбы немесе криптографиялық кілттердің қорғалған тасымалдағышын.
4. ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
4.1. Шарт бойынша ұсынылған Қызметтердің төлемі Куәландырушы орталықтың ресми ақпараттық ресурсындағы Интернет желісінің мекенжайында http://www.kisc.kz/ca/tariff.html. жарияланған қолданыстағы тарифтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4.2. Шарт бойын төлем ай сайын Агентпен нақты алынған қызметтер үшін орындалған (көрсетілген қызметтердің) жұмыстардың актісіне қол қойған күннен бастап 10 (он) операциялық күні ішінде шот-фактура негізінде Шарттың 10 бөлімінде көрсетілген Куәландырушы орталықтың банкілік шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі.
4.3.Куәландырушы орталықпен көрсетілген қызметтер үшін Куәландырушы орталық шот -фактура және орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін есеп айының соңғы күнтізбелік күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктермей ұсынады.
5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
5.1. Тараптармен осы Шарт бойынша міндеттері орындалмаған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Саясатқа (http://www.kisc.kz/ca/doc/PolicyKISC.pdf) сәйкес жауапкершілікті көтереді.
5.2. Агент Куәландырушы орталық пен Клиент арасында Куәландырушы орталықтың қызмет көрсету мәселелері бойынша туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер үшін егер Шартта көзделмесе жауап бермейді.
5.3. Куәландырушы орталық Агент пен Клиенттің олардың арасындағы қатынастарға байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер үшін егер Шартта көзделмесе жауап бермейді.
6. ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
6.1. Агенттің менеджерлері және/немесе офицерлерінің немесе тіркеу куәлігіне сәйкес келетін Агенттің тағайындаған қол қоюшы тұлғаның жабық криптографиялық кілті, сондай-ақ, оларды жеделдету мәліметтері (бастапқы инициализацияның жабық кілті немесе қол қоюшы тұлғаның Пин-коды) Агенттің немесе қол қоюшы тұлғаның тиісінше құпия ақпараты болып табылады.
6.2. Шарт бойынша Тараптардың әрқайсысы әр Тараптың құпия ақпаратқа деген тиісті режимін сақтайды және аталған ақпаратты жариялаудан қорғауға барлық қажет шараларды жасайды.
6.3. Агенттің/Клиенттің тіркеу куәліктерін беруге/кері қайтарып алуға өтінішінде және тіркеу куәлігінде қамтылатын ақпарат және Куәландырушы орталықпен шығарылатын кері қайтарып алынған тіркеу куәлігінің тізімдері құпия болып табылмайды. Шартты жасай отырып, Агент куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйесінде жеке деректерді тіркейтін, жоғарыда келтірілген ақпаратта қамтылған жеке деректерді Куәландырушы орталықтың сақтау орнына жинау, өңдеу және жариялау туралы өз қызметкерлерінің, қол қоюшы тұлғалардың, олардың басшыларының және басқа уәкілетті өкілдерін қоса алғанда, әр тұлғаның келісімімен кері қайтарып алынбайтындай келісуге міндеттемені қабылдайды және мұндай келісуді Куәландырушы орталыққа оның бірінші талабы бойынша ұсынады. Тіркеу кезінде Куәландырушы орталықпен сұратылған дербес деректердің толық тізімі http://www.kisc.kz/ca/doc/StatementKISC.pdf. мекенжайы бойынша Интернет желідегі Куәландырушы орталықтың ресми ақпараттық ресурсында орналасқан Ережеде келтірілген.
6.4. Шарттың әрекет ету кезеңінде Тараптарға белгілі болған банктік коммерциялық және заңмен қорғалатын құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасымен тікелей бекітілген жағдайлардан басқа, жазбаша хабарламасыз тараптар жарияламауға міндеттенеді.
6.5.Куәландырушы орталық тіркеу куәліктерінің иегерлері және қол қоюшы тұлғалары туралы мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заң актілерімен қарастырылған жағдайларда ашады.
7. ФОРС-МАЖОР
7.1.Тараптар алдын ала болжай алмаған және Шарттың орындалуына әсер еткен еңсерілмейтін күштердің (форс-мажор) салдарынан: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, қоршауда қалу, ереуіл, әскери қимылдар, террорлық актілер және тағы басқа ұқсас жағдайларда, Шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күштер жағдайына ұшыраған Тараптың міндеттемелерін орындау мерзімі, сондай жағдай болған мерзім көлеміне ұзартылады.
7.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмайтын жағдайға ұшыраған Тарап, Шарттың 7.1. тармағында көрсетілген жағдайдың басталғаны және біткені туралы 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей, қарсы Тарапқа хабарлауы тиіс.
7.3. Шарттың 7.1. тармағында көрсетілген жағдайлар 1 (бір) айдан астам уақыт жалғасса, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартуға құқылы және Тараптардың ешбірі қарсы Тараптан қандайда бір шығынын өтеуді талап етуге құқығы жоқ.
8. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
8.1.Шарт талаптарына орындау барысында келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар арасында дауларды қарау олар туындаған кезден бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде өзара мүдделерін есепке ала отырып келіссөздер жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Тараптар соттан тыс тәртіпте дауларды шешу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндеттенеді;
8.2.Тараптар өзара келісімге қол жеткізбеген жағдайда даулар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Куәландырушы орталықтың орналасқан жері бойынша шешіледі.
9. БАСҚА ТАЛАПТАР
9.1. Шарт оған Тараптардың қолдары қойылып, мөрлерімен бекітіліп, қос Тараптар тіркегеннен кейін күшіне енеді. Шарт Тараптардың оны бұзғанға дейін қолданылады.
9.2.Шарттың күшін жою тараптардың бірінің бастауымен екінші тарапқа шартты жоюдың болжанған күнінен 30 (отыз) күнтізбелік күннен кем емес уақыт мерзімінде жою туралы жазбаша ескертуді жіберу жолымен жүргізіледі. Мұндайда Тараптар барлық қажетті өзара есеп айырысуларды жүргізулері тиіс, егер қандай да бір Тарап Шартты бұзуды болжап отырған күнге дейін талабын ұсынбаса Шарт ескертуде көрсетілген күннен бастап бұзылды деп есептеледі.
9.3. Шарттың барлық Қосымшалары оның ажырамас бөліктері болып табылады.
9.4. Тараптар үшінші тарапқа екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша құқықтарын беруді және өзінің міндеттерінің орындалуын жүктеуді жүзеге асыра алмайды.
9.5. Тараптардың бірінің Шарт бойынша құқығы мен міндеттері қайта ұйымдастырылған жағдайда тоқтатылмайды және құқық мұрагеріне өтеді.
9.6.Куәландырушы орталық қызметін тоқтатқан жағдайда Куәландырушы орталық тоқтатқанға дейін ол туралы Агентке жазбаша түрде 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін хабарлауға міндетті.
9.7.Куәландырушы орталық қызметі тоқтаған кезде оларға берілген тіркеу куәлігі және олардың иесі және қол қоюшы тұлғалары туралы мәлімет Агенттің қосымша жазбаша келісімі бойынша басқа куәландырушы орталыққа беріледі. Басқа куәландырушы орталыққа берілмейтін тіркеу куәлігі өз қызметін тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталады.
9.8.Тараптардың орналасқан жерлері және/немесе деректемелері өзгерген жағдайда басқа Тарапқа жазбаша түрде тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлайды.
9.9.Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, Шарттың 9.8. тармағында көрсетілген өзгерістерді қоспағанда, осы Шартқа қосымша келісімді жасау жолымен жазбаша жүзеге асырылады және уәкілетті өкілдердің қолтаңбалары мен Тараптардың мөрлері бар болуы кезінде ғана жарамды және Шартты тіркеудің ұқсастығы бойынша тіркелуі тиіс.
9.10.Шартқа сәйкес жіберілген барлық ескертулер мен хаттар жазбаша түрде рәсімделген болуы тиіс. Егер таңдалынған байланыс арнасы ескертудің жеткізілгендігі туралы растаудың /мекенжайға хаттың болуы талабымен олар тапсырыс хатымен, факс, электронды пошта, телеграф арқылы, немесе қолма-қол әкелінген болса олар тиісті түрде рәсімделген деп есептеледі.
9.11.Шартқа енгізілген кез келген өзгертулер мен толықтырулар барлық қол қойылған тұлғаларға, соның ішінде осындай өзгерістер мен толықтырулар бұрын белгіленген күнге таралады.
9.12. Осы Шартпен келісілмеген және қарастырылмаған барлық жағдайларда тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алуға тиіс.
9.13. Шартқа қол қойылғаннан кейін Шартты құру күнінің алдында құрылған және оның мәнімен байланысты Тараптар арасында орын алған кез-келген ауызша, жазбаша келісім-шарттар, келісімдер, міндеттемелер, оферталар және өтініштер жойылады.
9.14. Шарт заңдық күші бірдей төрт данада (2 мемлекеттік және 2 орыс тілінде) құрастырылған, әр Тарап үшін бір данадан беріледі.
10. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
«Куәландырушы орталық»
|
«Агент» |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы»; РМК 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3»; ы/а, 21-үй БСН 960440000151 |
|
Теңгеде есептік шоты: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі»; РММ-дағы ЖСК KZ54125KZT1002300104 БСК NBRKKZKX, резиденттік белгісі – 1, экономика секторы – 5, төлем мақсатының коды 851. |
|
«Куәландырушы орталық»
_________________________/ _____________/ М.О.
|
«Агент»
_________________________/ _____________/ М.О.
|